» » Электродинамика қолданбалы курс 11 сынып

 
 
 

Электродинамика қолданбалы курс 11 сынып

Автор: admin от 4-03-2018, 04:50, посмотрело: 3563

80 [b]Түсінік хат.

Қазіргі заманда оқушыларды кәсіби мамандыққа, еңбекке, білімін жалғастыруға дайындауда, физиканың орны өте зор. Ұсынып отырған бағдарлама бейіндік оқыту курсы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы арнайы курсына арналған. Физика ғылымының даму жолдары және физиканың методикалық ұстанымдары мен жүйесіне, 11 сынып оқушылардың жас ерекшелігімен таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырады.

Бұл мақсатта мынадай міндеттер жүзеге асырылады:
- электромагниттік өріс, электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы;
- мектепте бұл курсты қолдану оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді;
- білім берудің электродинамика бөлімін меңгерту;
- электродинамикада бөліміне кіретін электростатика, электр тогы, электромагнетизм, электромагниттік тербелістер мен толқындар туралы білім беру;
- оқушыларды ұғымдарды, заңдарды, теориялар және есептер шығару тәсілін меңгерту; электродинамика курстарын тереңдету арқылы олимпиада есептеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру.


Курстың мақсаты:
Оқушының ғылыми-дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру ; мемлекеттік стандартында қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін мектептің негізі және жоғары 11сынып оқушыларының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындайды; бағдарламалау саласы, электродинамика теорияларды, заңдарды оқып, есептерді шешу әдістерін меңгерту; ойлау мәндерін, шапшаңдығын қалыптастыру.


Курстың міндеттері:
Оқушыларға электродинамика бөлімі адамға пайдасы мен кері әсері етуін қамтамасыз ету.
Оқушыларда дүниетанымдық көзқарас негіздерін қалыптастыру.
Оқушылардың физика ғылымынан теориялық білімі мен біліктілігін дамыту.


Әдістемелік нұсқаулар

Ұсынылған бағдарламада арнайы курс бойынша меңгерілетін тақырыптар сағаттарының жоспары, үлгі сабақ мазмұндары көрініс тапқан.
Оқушыларға білім беруді арнайы лекция және есептер шығару түрінде ұйымдастыру ұсынылады.





Курстың мазмұны:
«Электродинамика» курсы бойынша мынадай тақырыптар қарастырылады:
Электростатика: электр заряды, электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы, электр өрісі, кернеулігі мен жұмысы, электростатика өрістің потенциялдық айырымы, электр сыйымдылық, зарядталған конденсатордың энергиясы.
Тұрақты электр тогы: ток күші, электр қозғаушы күші, кернеу, Ом заңы, электр тогының жұмысы, Джоуль-Ленц заңы.
Электромагнетизм: магнит өрісі, токтардың өзара әрекеті, Ампер күші, магнит индукциясы, Лоренц күші, заттардың магниттік қасиеттері, аспан денелерінің магнит өрісі.
Электромагниттік тербелісі мен толқындар: электромагниттік индукция заңы, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, электромагниттік толқындар шкаласы, радиолокация.
«Электродинамика» курсы жан-жақты терең, жүйелі білім беру мақсатында 34 сағат көлемінде жоспарланған. Оның 23 сағат лекция сабақтарына, 7 сағат есептер шығаруға, ал 4 сағат сынақ жұмысына лайықталған.

Оқушылардың білуі тиіс:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту «Электродинамика» курсы арнайы курстың оқыту оқушылардың төмендегі нәтижелеріне мүмкіндік жасайды:
Білімі мен білігі тереңдейді. Физика, инженер, механик т.б. сияқты мамандықтарды таңдаған оқушылар қосымша білімі мен бағыт-бағдар алады.


Қоғамдық-гуманитарлық бағыт «Электродинамика» тақырыбы бойынша 11 сыныптармен өткізілетін таңдау курс жоспары (34сағат)

Р/с Тақырыбы
Сағат саны Мерзімі
Электростатика 8
1 Электр зарядының сақталу заңы. 1
2 Кулон заңы. Зарядтың өлшем бірлігі. 1
3 Электр өрісінің кернеулігі. 1
4 Электр өрісінің жұмысы. 1
5 Электрстатикалық өрістің потенциалдық энергиясы. 1
6 Электр өрісінің энергиясы. 1
7 Есептер шығару 1
8 Сынақ жұмысы 1
Электр тогы. 5
1 Ток күші. 1
2 Электр қозғаушы күш. 1
3 Ом заңдары. 1
4 Есептер шығару. 1
5 Сынақ жұмысы 1
Электромагнетизм 6
1 Магниттік өріс. 1
2 Ампер күші. 1
3 Магнит индукциясы. 1
4 Лоренц күші. 1
5 Есептер шығару. 1
6 Сынақ жұмысы 1
Электромагниттік тербелістер мен толқындар. 15
1 Электромагнитттік индукция заңы. 1
2 Индукциялық ток. 1
3 Айнымалы ток туралы ұғым. 1
4 Электромагниттік индукция құбылысын пайдалану. 1
5 Электромагниттік өріс. 1
6 Электромагниттік өрістің энергиясы . 1
2 Электромагниттік толқын. 1
3 Электромагниттік толқындар шкаласы. 1
4 Электромагниттік толқындарды пайда-лану. 1
7 Радиолокация. 1
8 І-тарауға есептер шығару. 1
9 ІІ-тарауға есептер шығару. 1
10 ІІІ-тарауға есептер шығару. 1
11 ІV-тарауға есептер шығару. 1
12 Сынақ жұсмысы 1
Барлығы 34


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Р. Башарұлы, Г. Байжасарова, У. Тоқбергенова , --Алматы; «Мектеп» баспасы, 2007ж.—208 бет. Қоғамдық – гуманитарлық бағыт 11-сынып.
2. А.П.Рымкевич – Алматы: «Мектеп» 1989. 9-11 сыныптарға арналған.

Категория: Ашық сабақтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед