Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 19-11-2018, 14:44, посмотрело: 99125

260

Қош келіпсіздер!

"№114 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әл-Фараби ауылы

 
  

 Мектеп тарихы - «№114 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

               Әл-Фараби ауылы (бұрынғы совхоз Лениннің 5-ші бөлімшесі) 1958 жылы іргетасы қаланған.1959 жылдың қыркүйегінен бастап бұл елді мекенде 3-жылдық бастауыш мектебі ашылған. 1986 жылы 8-жылдық мектеп болып қайта құрылды. 2001 жылы 11-жылдық орта білім беретін №114 орта мектебі болып құрылды. 1959 жылы Төлепбергенов Шермат директорлық қызметке тағайындалды. Төлепбергенов Шерматтың кезінде Байжанов Ибрагим бастауыш сынып қызметін, Ильясова Қамқа бастауыш сынып қызметін, Бегімбаев Төлебай қазақ тілі пәнінен сабақ беріп, 1961 жылы осы мектепте директорлық қызметін атқарды.

                Сонымен қатар Айсариев Алданыш математика пәнінен, Атақулаев Исмайл химия және биология пәнінен,  Базаров Махамбет матемаика пәні бойынша сабақ берді.  2009-2010 оқу жылында №114 жалпы орта мектептің директоры болып Шүкірбаев Қабылбек тағайындалды. Шүкірбаев Қабылбектің кезінде 2009-2010 оқу жылында 9-сынып оқушысы Нуриллаева Тойбибі қызыл куәлікке бітіріп шықты. 2009-2010 оқу жылында 4-9 сыныптар аралығында болған «МАБ» нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие болды. ҰБТ-ға 11-сыныптан 9 оқушы қатысып, орташа балы 88,56 болды.  100 және одан көп балл жинаған оқушылардың саны үшеу болды. Сердалиев Е 113 балл жинады.

                  2010-2011 оқу жылында №114 жалпы орта мектебінің директоры болып Давлатов Юсуп тағайындалды. Давлатов Юсуп директорлық қызметке тағайындалған соң №114 жалпы орта мектебі біршама жетістіктерге жетті. 2010-2011 оқу жылында «МАБ» нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие болды. №114 жалпы орта мектебінде үлгі тұтатын ұстаздар да бар. Атап айтатын болсақ биылғы жылы бастауыш сынып мұғалімі Мыржыбаева Ұлжалғас аудан бойынша өткізілген «Кемеңгер елбасы – ырысы елімнің» атты педагогикалық марафонға қатысып, мадақтама қағазына ие болды. Осы еңбегі облысқа жіберіліп, облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.

                   Сонымен Султанов Жолдас қажырлы еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі А. Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталды. Тлеуова Гүлшаттың облыстық «Болашақ» газетіне «Тәкаппарлық пен кісілік» атты мақаласы шықты. 

3.  Мектеп мұғалімдері туралы мәлімет - №114 жалпы орта мектебінде 46 мұғалім қызмет атқарады. Осы мұғалімдердің ішінде мына мұғалімдер биік белестерден көрінді.2012 жылы 18 мамырда тарих пәнінің мұғалімі Налбаева Жанаттың «Білім берудің жаңа бағыттарын айқындау» атты тақырыбы Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер облыстық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары атты І том кітап баспасына шықты.              2013 жылы сызу пәнінің мұғалімі Турсунов Салим сызу пәні мұғалімдерінің арасынд өткізілген ауданды олимпиадасына  қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды.              2014 жылы 25 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанаев Жанаділ «Өз елін өрге көтерген елбасы» атты тақырыбы «» желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Білім беру жүйесін жаңғырту мен жаһандану үдерісі жағдайында мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары атты кітап баспасына шықты.

             2014 жылы 10 желтоқсанда химия пәнінің мұғалімі Налибаева Динара «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағы арқылы заманауй білім берудің тиімді әдістемелері атты баспаға шықты.

            2014 жылы Қазақстан тарихынан Налибаева Жанат мұғалімдер арасында өткен аудандық олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

            Дәл осындай үлгімен 2014 жылы география пәнінен Садыбаева Оралай мұғалімдер арасында өткен аудандық олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

             2015 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанаев Жанаділдің «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары» атты тақырыбы    2015 өрлеу материалдар жинағына шықты. 4. Мектеп оқушылары туралы мәлімет -№114 жалпы орта мектебінде 306оқушы бар. Сол оқушылардың ішінен 2012 жылы 8 сынып оқушысы Бекия Сакен « Жас ұрпақты есірткі эсапанциясынан қорғау және денсаулық мәдениетін қалыптастыру» іс-шарасына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында өткізілген аудандық сурет байқауына қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Турсунов Салим. 2012 жылы 8 сынып оқушысы Бекия Сакен Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерекесіне арналған «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты аудандық байқауына қатысып , жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Турсунов С. 

             2013 жылы оқушылар арасында өткен құқық негіздері пәні бойынша өңірлік олимпиадаға 10 – сынып оқушысы Гайбулла Ұлболсын қатысып, аудандық олимпиадаға өтті. Аудандық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

             2013 жылы 9 сынып оқушысы Орынбасар Бақыт мектепті үздік куәлікпен бітірді.

             2014 жылы мектеп оқушылары арасында өткен аудандық «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты байқауының көрмесінде жүлделі І орынға 5 сынып оқушысы Журабай Сурочбек ие болды.

           Дәл осындай үлгімен   2014 жылы мектеп оқушылары арасында өткен аудандық «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты байқауының көрмесінде жүлделі І орынға 4 сынып оқушысы Журабай Малохат ие болды.

             2014-2015 оқу жылы Қазақстан тарихынан оқушылар арасында өткен өңірлік олимпиадаға 9 сынып оқушысы Зұлпыхар Айдана қатысып ауданға өтті. Аудандағы өткен оқушылар арасындағы олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Гайбуллаев Рузибой.

             2015 жылы шет тілінен халықаралық қашықтық олимпиадасына 11 сынып оқушыларынан Дадаева Дурдона, Бектұрсын Ерлан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі: Шұлғаубаева Пернекүл. 2015 жылы технология пәні бойынша халықаралық қашықтық олимпиадасына 5 сынып оқушысы Мәулен Сымбат, 6 сынып оқушысы Бастарбек Нұрғиса І дәрежелі орынға ие болды. Жетекшісі: Спабекова Зауре. 2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына  2 сынып оқушысы Ногаев Нурислам І орынға ие болды. Жетекшісі: Мыржыбаева Ұлжалғас. 2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына    3 сынып оқушылары Санакулов Атхамбек, Коканова Феруза, Кенжебаев Турсун, Дадаева Махфират, Байжанова Барфигул І орынға ие болды. Жетекшісі: Қантаева Данагүл. 2015 жылы биология пәнінен халықаралық қашықтық оимпиадасына 7 сынып оқушысы Түймебай Бекарыс, 9 сынып оқушысы Байжанова Наргиза І орынға ие болды. Жетекшісі: Абенова Сарқытгүл.2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 2 сынып оқушылары Турсунова Иди, Индемес Рамазан, Байжанова Зарбиби, Қалдыбай Елнур, Султанов Нурсултан Іорынға ие болды . Жетекшісі: Күлсабирова Динара. 2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 1Ә сынып оқушылары Джурабай Азил, Султанов Шодибай Іорынға ие болды. Жетекшісі: Серікбаева Аңсаған.

         2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 1А сынып оқушылары Рахматулла Ораз, бабаев Сухроп  Іорынға ие болды. Жетекшісі: Келдібаева Ақмарал.

         2015 жылы музыка пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып

   5 сынып оқушылары Орынбасар Шұға, Жамаш Ерхан, 1 сынып оқушыларынан Рахматулла Келдибай, Джурабай Мейрамбек Іорынға ие болды. Белтаева Сәуле.

         2015 жылы химия пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 9 сынып оқушысы Зұлпыхар Айдана Іорынға ие болды.Налибаева Динара.

         2015 жылы алгебра пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысын 11 сынып оқушысы Жарыс Айнур І орынға ие болды. Жетекшісі: Асылбекова Азина.

5. Жылдар бойы мектепті жақсы бітіріп, жетістіктерге қол жеткізген түлектер туралы қысқаша мәлімет - Осы мектепте оқып кеткен мектеп түлегі, қазіргі таңда Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында университетті бітіріп,  заңгер мамандығын алып шықты, қазіргі таңда  Ресей мемлекетінің Москва қаласында прокурор қызметін атқарады.

        Дадаев Мамур осы мектепің түлегі, ол да Өзбекстан Республикасы Гүлстан қаласындағы Пед институтты қызыл дипломмен бітіріп, қазіргі таңда сол институттың профессоры қызметін атқаруда.

            6. Мектептің соңғы 3 жылдағы қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша мәлімет - №114 жалпы орта мектебінде 7 бірлестік бар. №114 жалпы орта мектебінде ІІ санатты мұғалімдер саны – 30. І санатты мұғалімдер саны – 4. 2014 жылы мектепттің тәрбие жөніндегі орынбасары Байжанов Абдулла Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет»  қоғамдық қорының  «Білім беру ісінің үздігі» медалымен марапатталды.   2014 жылы мектеп директоры Давлатов Юсуп   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің  «Білім беру ісінің үздігі» медалымен марапатталды. 
             2014 жылы физика пәнінің мұғалімі Султанов Жолдас Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалымен марапатталды. 
 

             2014 жылы мектебімізде география пәнінің мұғалімі Ильясова Орын 3 айлық курстың   І деңгейлі бағдарламасын оқып сертификатын алды. 

             Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері арасынан бастауыш сынып мұғалімі Мыржыбаева Ұлжалғас, математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Азина, ағылшын пәні мұғалімі Жусипова Ғалия 3 айлық курстың ІІІ деңгейлі бағдарламасын оқуда. Міне, мұның өзі бізге үлкен жетістік. Алдағы уақыттарда №114 жалпы орта мектебі үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

              

 

Изменил: admin

Категория: Мектеп

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Автор: admin от 17-11-2018, 06:38, посмотрело: 2818

24

Изменил: admin

Категория: Әкімшілік

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 17-11-2018, 06:01, посмотрело: 3439

142

Категория: Әкімшілік

 

Нұрлы ғасыр

Автор: admin от 8-06-2018, 21:56, посмотрело: 8308

49 Қазақ мектебінде оқып жүр талай тәжік баласы
«№ 114 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы «Жылы су» ауылдық округіне қарасты Әл-Фараби ауылында орналасқан, 1986 жылы салынған, сыйымдылығы 238 орынға арналған. Мектеп 2 ғимараттан тұрады, ыңғайластырылған, яғни мақта теріміне келетін көмекшілерге жатақхана ретінде салынған. Мен № 114 жалпы орта мектебіне жұмысқа келгенде мектептің материалдық-техникалық базасы өте нашар еді. Мектеп мұғалімдерінің орташа жүктемесі 14 сағат еді. Жоғары санатты мұғалімдер жоқ, І санатты 1 мұғалім болды. Мұғалімдердің біліктілігі төмен, оқушылардың білім сапасы өте нашар болды. Мектептің аудандағы ең нашар мектептер қатарында болуына мектеп оқушыларының ұлттық құрамыда әсер етті. Себебі оқушылардың 80 пайызға жұығы тәжік ұлтынан – мектепте сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Ал тәжік тілі түркі тілдеріне жатпайтындықтан, яғни парсы тілдеріне жататындықтан оқушыларды қазақ тілінде оқытудың өз қиыншылықтары бар.
2012 жылы мектеп 25 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, мектептің шатыры, есік-терезелері ауыстырылды, жылу жүйесі іске қосылды. Мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің орташа жүктемесі 19 сағатқа жуықтады. Мектепте 1 жоғары санатты, 11 І санатты мұғалім бар және 17 мұғалім жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш беріп отыр.
Мектеп мұғалімдерінен бастауыш сынып мұғалімі Ұ.Мыржыбаева облыстық байқаудан жүлделі ІІ орынды иеленсе, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Турсунов облыстық байқауда номинация иегері болы. Мұғалімдерден Ж.Налибаева, Ұ.Мыржыбаева, Ж.Қанаев, Д.Налибаевалардың жұмыстары республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жинақ кітаптарға енді. Аудан мұғалімдерінің секциялық жұмыстарында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Ажибековтың, география пәні мұғалімі О.Ильясованың, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Серікбековалардың тәжірибелері таратылды. 2016-2017 оқу жылында Қазақстанның интернет олимпиадаларына қатысқан мұғалімдерден Р.Нұртазаева, А.Келдібаева, Р.Гайбуллаев, А.Серікбаева, З.Спабекова, Ж.Налибаева, О.Садыбаева, А.Каримовалар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. 2014 жылы Ресейдің Смоленск қаласында сырттай ұйымдастырылған халықаралық қашықтық олимпиадасында мектептің 28 оқушысы жүлдегер атанды. Мектеп оқушылары 2015 жылдан бері облыстық «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, жылда жүлделі орындарды иеленіп, арнайы медалдармен, дипломдармен марапатталып келеді.
2013 жылы Б.Орынбасар негізгі мектепті үздік бітіріп, арнаулы оқу орнында бюджет есебінен оқыды. Кәзіргі таңда жоғары Әскери оқу орындарының бірінде мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Мектептің түлегі Ұ.Кәрім «Серпін» бағдарламасының аясында Көкшетау қаласындағы университеттте білім алуда. Тағы бір түлек З.Мұратова медициналық колледжде оқып жүріп, колледж түлектері арасындағы аудандық байқауда І орынды, облыстық байқауда І орынды, республикалық байқауда ІY орынды иеленді. Бүгінгі таңда мектептің байырғы ұстаздарының бірі Ю.Султанов облыстық «Панж» тәжік этно-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Ол аудандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ю.Султанов Алтынсарин атындағы медалдың иегері. Мектептің қосымша білім беру педагогы О.Ильясова 2016 жылы «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінгі таңда 2 мұғалім І деңгей бойынша, 1 мұғалім ІІ деңгей бойынша, 3 мұғалім ІІІ деңгей бойынша курстардан өтті. 28 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан өтті. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі байқаулар мен олипиадаларға, конкурстарға қатысып келеді. Мектеп қызметкерлерінен құралған футбол командасы жылда жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. 2017 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына байланысты өткізілген аудандық турнирде ІІІ орынды, Жеңіс күніне орай өткізілген аудандық турнирде І орынды жеңіп алды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары Қазақстанның интернет олимпиадасына биылда жақсы қатысып келеді. Кәзіргі таңда мектеп 125 мектептің арасында 16 орында келеді. Осы орайда шалғай ауылда интернет желісінің де толыққанды жұмыс істемейтінін ескеру керек сияқты.
Әрине нәтижелерді әлдеқайда жақсартуға болады. Бірақ ауылды жерде интернет желісінің қалыпты жұмыс істемеуі, компьютерлердің ескіргендігі мен жетіспеушілігі, мектептің ыңғайластырылған ғимаратта орналасуы, мәжіліс залы мен спортзалдың, асхананың болмауы, оқушылардың басым бөлігінің өзге ұлт өкілдерінен болуы – мектеп жұмысын алға жылжытудағы кедергілер. Мектепте бос сыныптардың болмауы өз кезегінде үйірме жұмыстарының, қосымша сабақтардың жүргізулеріне кедергілер келтіруде. Мектеп әкімшілігі мектептегі ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Өзге ұлт өкілдерін, оның ішінде басқа тілдер тобына кіретін тіл өкілдерін оқыту оңай шаруа емес деп есептейді. Осы орайда бірнеше рет ауданның білім бөлімі басшыларынан, облыстық білім департаменті қызметкерлерінен осындай, яғни өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқытатын мектептерді анықтап, облыс, республика көлемінде семинарлар ұйымдастыру қажеттігін, тәжіребе алмасу керектігін айтып келемін. Мен осы газет арқылы да өзіміздегідей өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқытатын мектептер бар болса хабарласуларын сұраймын.
Мектепте О.Ильясова, Ю.Султанов, К.Турсунов, С.Абенова, Е.Ажибеков, Р.Нұртазаева, Ұ.Мыржыбаева, Г.Тлеуова, А.Зұлпыхаров, Д.Қантаева сияқты тәжірибелі мұғалімдермен бір қатарда З.Спабекова, А.Каримова, О.Садыбаева, А.Келдібаева, Ж.Жүсіпбекова, П.Шұлғаубаева, А.Серікбаева, Д.Налибаева, Ұ.Турсунова, Ж.Налибаева сияқты жастардың жетістіктері де қуантады.
Мектепте тәрбие ісінің жақсаруына, материалдық-техникалық базаның нығаюына мектеп директорының орынбасарлары А.Байжанов пен Д.Турсуновтар сүбелі үлес қосып келеді. Мектептің айналасын көгалдандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Мектепің биылғы жетістіктеріде ауыз толтырып айтарлықтай. 8 сынып оқушысы Е. Жамаш республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысып, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасындас өткен «ALTYN QYRAN» - ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасында мектептің 4 оқушысы жүлделі ІІІ орынды иеленіп арнайы дипломдармен марапатталды. Олар 11 сыныптан М.Турсунова, 8 сыныптан М.Артық, 10 сыныптан Ұ.Дадаева және 6 сыныптан М.Дадаева. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасындас өткен «AЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасында 4 оқушы жүлдегер атанды. Олар І орынды иеленген 4 сынып оқушылары А.Жорабай, О.Рахматулла, О.Байжанова және ІІІ орынды иеленген 2 сынып оқушысы Д.Дадаева. «AЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері А.Келдібаева мен А.Серікбаевалар облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. «Сырдария» университетінің ұйымдастыруымен университеттің 20 жылдық мерейтойына арнап өткізілген дәстүрлі мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасында «Жас тарихшы - 2018» бағыты бойынша мектебіміздің бітірушісі О.Кәрім ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Мектеп қызметкерлерінен құралған кіші футбол командасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданның мектеп оқытушылары арасында өткен спартакиадада ІІІ орынды, Қазақстан Республикасы Тәүелсіздігінің 26 жылдығына орай өткен турнирде ІІІ орынды, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай өткен турнирде ІІІ орынды иеленді және дипломдармен марапатталды. Аудандық мектеп оқытушылары арасында өткен спартакида қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Е.Дадаев арнайы дипломмен марапатталды. Мектептің 56 оқушысы Республикалық интернет олимпиадалардың І дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 6 мұғалім Республикалық интернет олимпиадаларда топ жарса, 1 мұғалім халықаралық интернет олимпиада жеңімпазы болды. Мұғалімдердің іс-тәжірибелері аудандық, облыстық басылымдарда, интернет ресурстарда жарияланды. Бастауыш сынып мұғалімі А.Серікбекованың іс-тәжірибесі «Бастауыш мектеп» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналында, технология пәнінің мұғалімі З.Спабекованың еңбегі «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журналында жарық көрді. Сонымен бірге 6 мұғалімнің әдістемелік мақалалары «Білім-Арна» республикалық педагогикалық журналдар қауымдастығының жинағында жарияланды.
Мектеп директоры ретінде менің алға қойған мақсаттарымның бірі ұжымдағы, оқушылар арасындағы, ата-аналар арасындағы ұлтаралық қатынастарды нығайту. Мектепте 35 қызметкер қазақ ұлтынан болса, 29 қызметкер тәжік ұлтынан, 1 қызметкер өзбек ұлтынан. Мектепте моральдық-психологиялық ахуал тұрақты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «20120 жылға қарай мектеп бітірушілер 100 пайыз қазақ тілін меңгеріп шығуы керек деген еді». Біздің ұжым осы мәселені шешкен ұжымдардың алғашқыларының бірі деп айтұға толық негіз бар .
Қазіргі таңда 200 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа мектеп жағдайында жаңаща талап, жаңа көзқарас, жаңа идеялар мен жұмыс атқарып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оларға сапалы заманауи білім беруді жаңа деңгейге көтеру ұжымның басты мақсаты болып қала бермек.

Ю.Давлатов
ОҚО, Мақтарал ауданындағы № 114 жалпы орта мектебінің директоры


Топтық жұмыс


Постерді қорғау


Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Серікбекова жаңаша сабақ өтуде

Мектеп директоры Ю.Давлатов сабақта

Марапаттау рәсімінен кейін Астана қаласы






Қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Жүсіпбеова сабақта АКТ қолдануда

Сабақ қызық болғанда





Бірін бірі бағалау



География пәні мұғалімі О.Садыбаева


Технология пәні мұғалімі Р.Нұртазаева

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Турсунов



Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Ботабаева


Тәрбие сағатында


Бастауыш сынып мұғалімі А.Серікбаева өз ісінің шебері

Категория: Мектеп

 

Жалпы мұғалімдер тізімі

Автор: admin от 5-06-2018, 10:04, посмотрело: 5950

29

Жалпы мұғалімдер тізімі 

 

Аты-жөні

 

Туылған жылы

Лауазымы

Жынысы

1

Давлатов Юсуп  Чупанович

22.12.1964

 

директор

 

ер

2

Тлеуова Гульшат  Аманбаевна

18.08.1975

 

оқу ісі орынб.

 

әйел

3

Ильясова Орын Балтабаевна

08.02.1972ж

қосымша педагог

 

әйел

4

Байжанов Абдылло Ибрагимович

15.12.1973

тәрбие ісі жөн орынб.

 

ер

5

Дадаев Ергеш Абдуллаевич

20.08.1974ж

 

мұғалім

 

ер

6

Турсунов Халим Джурабаевич

14.02.1979

 

педагог -
 психолог

 

ер

7

Ажибеков Еркинбек Халыкович

24.11.1970

 

      АӘД  
жетекшісі

 

ер

8

Султанов Юлдаш Шадибаевич

23.05.1961ж

 

әлеуметтік 
педагог

 

ер

9

Шайдуллина Сауле Галиевна

25.07.1982

 

тәлімгер

 

әйел

10

Абенова Саркытгул  Арыстанбековна

18.01.1967

 

мұғалім

 

әйел

11

Аханова Райхан Дуйсебаевна

29.08.1983

 

мұғалім

 

әйел

12

Асилбекова Азина Алжановна

02.02.1976

 

мұғалім

 

әйел

13

Серикбекова Назира Жақыпбаевна

10.04.1974

 

мұғалім

 

әйел

14

Ботабаева Нургул Курбановна

30.09.1982

 

мұғалім

 

әйел

15

Гайбуллаев  Дилмурат Нуриллаевич

13.12.1961

 

мұғалім

 

ер

16

Джусупбекова Жадра Сапаровна

20.01.1982

 

мұғалім

 

әйел

17

Жусипова ҒалияАмангельдиевна

19.08.1984

 

мұғалім

 

әйел

18

Зұлпыхаров Алмас  Тынышбаевич

13.02.1969

 

мұғалім

 


Категория: Мұғалімдер

 

Векторлық бейнелерді құру

Автор: admin от 1-06-2018, 12:20, посмотрело: 8425

459

Категория: Ашық сабақтар

 

Баяндама

Автор: admin от 5-03-2018, 10:42, посмотрело: 6487

34 1. 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН
ЖҰМЫСТАРҒА ТАЛДАУ
(Ментеп директоры Ю.Давлатовтың баяндамасы)
Құрметті әріптестер! 2016-2017 оқу жылында мектепте 44 мұғалім еңбек етті. Оның ішінде жоғары білімдісі -39 (88,64 %), орта арнаулы білімдісі -5 (11,36 %). Жоғары санатты мұғалім – 1(2,27%), І біліктілік санатты - 11 (25,00 %), ІІ біліктілік санатты -24 (54,55 %), санатсыз -8 (18,18 %). Маман кадрлармен қамтамасыз етілуі -95 %. 2016 жылдың 29 тамызында өткен №1 педагогикалық кеңесте мектептің проблемалық тақырыбы болып «Білімділік әрекетті жаңарту жолдары арқылы білім сапасын арттыру, мектептің жұмыс деңгейін жоғарылату» тақырыбы педкеңестің шешімімен белгіленген. Әдістемелік кеңестің тақырыбы: «Мұғалімдерді жаңа технологияларды қолданұға тарту арқылы оқушылардың пәнге қызығұшылығын арттыру және білім сапасын көтеру». Аталған проблемалық тақырыптар бойынша мектепте төмендегі жұмыстар атқарылды:
Оқу жылының басында өткен педкеңесте 2016-2017 оқу жылына талдау жасалып , жіберілген кемшіліктер анықталды; - барлық қызметкерлердің іс-шара жоспары жасалып, бекітілді; - мектептің жылу жүйесі жөндеуден өткізілді; - мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында іс-шара жоспары жасалып, 12 мұғалім облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан дайындықтан өтті. Оның ішінде 9 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтсе, 2 мұғалім деңгейлік бағдарлама бойынша және 1 мұғалім тренерлік курстан өтті. 2016-2017 оқу жылында 6 мұғалім деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс істеді, оның екеуі 1- деңгей, біреуі 2-деңгей және үшеуі 3- деңгей бойынша.
2-9 сынып оқушыларынан тоқсан сайын сынақ алынды. Сыныптардың іс қағаздары толық жинақталды.
2016-2017 оқу жылында еңбектегі жетістіктері үшін 12 мұғалім марапаттауға ие болды. Тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы, үлгерімі, рейтингі, пән бойынша қорытынды диаграмма жасалып әдістемелік кеңестерде, педагогикалық кеңестерде талқыланды.
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жүйелеу мақсатында 8 пән әдістемелік бірлестіктері мен 2 сынып жетекшілер әдістемелік бірлестіктері құрылды. 7 мұғалім «Шебер ұстаз» шығармашылық тобына топтастырылды. Жұмыстар жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Әдістемелік бірлестіктердің пән апталық жоспары жасалып, жыл басында бекітілді. Пән апталықтары жоспарға сәйкес өткізіліп, әдістемелік кеңес отырыстарында уақытылы тұжырымдап қорытылды. Жаңа технологияларды қолдану жұмысы қолға алынды. Дегенмен жаңа технологияларды сабақтарда қолдану жұмыстарын қолға алып, жаңа технология элементтерін ендіру жұмыстарына мұғалімдерді толық тарту қажет.
Оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімдердің іс- қағаздарының жүргізілуі, атқарған жұмыстары бағаланып, рейтинг шығарылды.
Желтоқсан айында өткен өңірлік олимпиадаға 9-10-11 сыныптардың оқушылары қатысып, өкінішке орай бірде бір оқушы аудандық кезеңге өте алмады. 7-сынып оқушысы М.Махкамбаева республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде «Сөз шеберлері» конкурсы бойынша ІІІ орынды иеленгені үшін аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Осы олимпиаданың «Жазушылар» конкурсында 8-сынып оқушысы М.Құдайбердиева ІІІ орынды иеленді. Мектеп оқушылары Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасында өткен «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда 3-сынып оқушысы Ш.Султанов және 4-сынып оқушысы З.Байжановалар І орынды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Мектеп мұғалімдерінің футбол командасы аудан мектептері арасында өткен турнирде ІІІ орынды иеленді. Осы команда кіші футболдан ұлағатты ұстаз А.Ильясовты еске алуға арналған турнирде І орынды иеленіп, ауыспалы кубокты жеңіп алды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С. Қарабаев оқушылардың 5 күндік оқу-дала жаттығу жиынындағы жетістіктері үшін аудандық спорт бөлімінің мадақтамасына ие болды. 3 сынып мұғалімі А.Серікбаевамен 4-сынып мұғалімі Е.Дадаев оқушылар арасында облыстық «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды. Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Д.Турсунов «Ұстаз жолы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің төсбелгісімен марапатталды. Директордың орынбасары Ю.Султанов Қазақстан Республикасы полициясына 25 жыл толуына орай арнайы медальмен марапатталды. Әдістемелік бірлестіктер жетекшілерінің аудандық сайысында қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі Ж.Жүсіпбекова, химия,география, биология пәндері ӘБ жетекшісі Р.Аханова, тарих және қоғамдық пәндер ӘБ жетекшісі Ж.Нәлибаевалар жүлделі ІІІ орынды иеленіп, ауданның білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Бастауыш сынып мұғалімдері А.Серікбаева мен А.Келдібаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі П.Шұлғаубаева, технология пәнінің мұғалімдері Р.Нұртазаева мен З.Спабекова, тарих пәнінің мұғалімі Р.Гайбуллаевтар Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді және тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2016-2017 оқу жылында ОЖСБ өткізілмеді, яғни оған бұл оқу жылы 9 сынып оқушылары қатысқан жоқ. 2017-2018 оқу жылында ОЖСБ-ға дайындықты күшейту қажет. ҰБТ-ге 2 оқушы қатысуға тілек білдірді. Барлық мектеп бітіруші 24 оқушы мектепте мемлекеттік емтихан тапсырды
ҰБТ қорытындысы
Пәндер бойынша ҰБТ көрсеткіші: Оқу сауаттылығы
Сыныбы Қатысқан
оқушы саны Орта
балы Пән мұғалімі Сынып жетекшісі
11 «А» (ҚГБ) 1 14 Жүсіпбекова Жүсіпбекова
11 «Ә» (ЖМБ) 1 7 Жүсіпбекова Ландиров Қ
Барлығы 2 10,5

Сыныбы Қатысқан оқушы саны Орта балл Пән мұғалімі Сынып жетекшісі
11 «А» (ҚГБ) 1 5 Гайбуллаев Жүсіпбекова
11 «Ә» (ЖМБ) 1 8 Гайбуллаев Ландиров Қ
Барлығы 2 6,5
Тарих пәні
Математикалық сауаттылық
Сыныбы Қатысқан оқушы саны Орта балл Пән мұғалімі Сынып жетекшісі
11 «А» (ҚГБ) 1 9 А.Асылбекова Жүсіпбекова
11 «Ә» (ЖМБ) 1 8 А.Асылбекова Ландиров Қ
Барлығы 2 8,5

Таңдау пәндері
Сыныбы Қатысқан оқушы саны Пәні Орта балл Пән мұғалімі Сынып жетекшісі
11 «А» (ҚГБ) 1 Биология 14 Абенова С Жүсіпбекова
11 «А» (ҚГБ) 1 Химия 10 Аханова Р Жүсіпбекова
11 «Ә» (ЖМБ) 1 Физика 9 Зұлпыхаров Ландиров Қ
11 «Ә» (ЖМБ) 1 Математика 10 Асылбекова Ландиров Қ
Барлығы 4 10,75

2012 -2017 жылдардағы ҰБТ қорытындысының мониторингі
Оқу
жылы Қатысқан оқушы саны Қазақ тілі
Оқу сауат-ғы Орыс тілі Қазақстан тарихы Математика
Матем-қ сау-қ
сауат-қ 5-ші пәні Орташа балл
Биол Географ Әдебиет
Физика Химия Матем
2011-2012 5 12,8 7,2 9,2 4,4 15 17 13 - 48,6
2012-2013 5 10,6 8,2 9,6 6,8 13 - 11,5 - 47,6
2015-2016 3 17,5 11,5 18,5 17 - - 22 7 79
2016-2017 2 10,5 - 6,5 8,5 14 9 10 10 47,0



Өткен 2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептегі педагог қызметкерлерден сауалнама алынды. Сауалнама алудағы мақсат – мектептің ағымдағы жағдайын білу, жаңа оқу жылында жұмысты жақсарту. Сауалнамаға 40 педагогтың 35-і қатысты және нәтижесі төмендегіше: сұралғандардың 9,7 % -ын өткен оқу жылындағы жүктемесі қанағаттындырмайды, 90,3 %-ын қанағаттындырады; 20% педагог өздерінің өткен оқу жылындағы жұмысын 3 ке бағаласа, 73,3 %-ы 4 ке және 6,7 %-ы 5 ке бағалаған. Жауап берген мұғалімдердің мектеп басшыларына және өзге штаттық қызметкерлерге қойған орташа бағалары мынадай болды: мектеп директоры Ю.Давлатов – 4,80; директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Тлеуова – 4,00; директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Байжанов – 3,64; директордың орынбасары Ю.Султанов – 3,60; директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Д.Турсунов – 4,25; қосымша білім беру педагогы О.Ильясова – 4,60; қосымша білім беру педагогы С.Турсунов – 3,40; педагог-психолог Х.Турсунов – 3,40; тәлімгер С.Шайдуллина – 3,37; зертханашы Т.Турсунов – 2,60; әлеуметтік педагог Н.Серікбекова – 3,85. Сұралғандардың біреу ғана мектеп басшылары тарапынан қысым көрдім деген. 12 мұғалім (34,28 %) дәстүрлі сабақ жоспары мен жұмыс істеймін деген болса, 19 мұғалім ( 54,28%) қысқа мерзімді жоспар мен жұмыс жасайтындарын айтқан, 4 мұғалім (11,42 %) жауап бермеген. 6 мұғалім (17,4 %) мектепте моральдық-психологиялыұ ахуал жақсы деп есептесе, 8 мұғалім (22,86 %) нашар деп есептейді, 19 мғалім (54,28) қалыпты десе, 2 мұғалім (5,71 %) сұраққа жауап бермеген.
2. ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДУ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы жоспарланған 5 қадамды жүзеге асыруға күш салу, Қазақстан Республикасында білім беруді жаңарту және дамыту жөніндегі саясатын жүзеге асыру және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» Тұжырымдамасында айтылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау;
 мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламаларын қайта қарау, оқушылардың алған білімін оқу- практикалық жағдайларда қолдану қабілеттеріне мониторинг жүргізу бойынша пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ мектеп оқушыларын оқытуды материалдық-техникалық, психологиялық-педагогикалық және техникалық жағдайлармен қамтамасыз ету;
 тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің тұтас пайымын айқындайтын оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары аясында сапалы, жаңарған тәрбие беруге қол жеткізу;
 жалпы орта білім беруді жаңартудың стратегиялық бағыттары
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» іс-тәжірибесін ендіру;
 Елбасының тапсырмасына сәйкес, мектеп оқушыларының функционалдықлық сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты жаңаша жоспарлау, оқу мен тәрбие ұстанымдарын бүгіннен бастап жаңарту, «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуына күш салу;
 қоғамда өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңалық әкелетін, жаңа міндеттер қойып оны шеше алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны тәрбиелеу үшін жаңа педагогикалық технологиялардың енуіне сапалы серпіліс тудыру;
 жетім балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдарының жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің каулысын орындауды қамтамасыз ету. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан-жақты қамқорлық жасау шараларын одан әрі жетілдіру;
 оқушылар арасында құкық бұзушылық пен қылмыс жасаудың алдын-алу шараларын тиісті органдармен бірлесе отырып талап деңгейінде жүзеге асыру, құқықтык мемлекет құрудың басты принциптерінін бірі - құқықтық білім беру сапасын арттыру;
 оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысында демалыс лагерлерінің балаларды қамту ауқымын неғұрлым кеңейту шараларын қарастыру;
 мектеп алды даярлық топтарына 5-6 жастағы балаларды толық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу;
 білім беру процесіне ақпараттық технологияларды ендіруге қол жеткізу. Оқушылырдың өздігінен жұмыс жасауын дамыту үшін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін қолдану;
 жаратылыстану-математика цикліндегі пәндер бойынша орта мектептегі оқушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар мен міндетті минимумның мазмұнын жүзеге асыру, оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, конкурстарға, байқауларға, интеллектуалдык марафондарға кеңінен тарту;
 оқушыларды оқулықтармен дер кезінде толық қамтамасыз ету, кітапхана қорын толықтыру, мектеп медиатекасын ашу, тасымалдауға қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оған бөлінген қаржыны үнемдеу арқылы қосымша оқулыктар, әдебиеттер алу шараларын жүргізу;
 жалпы білім беретін пәндерді оқытуда және оқушылардың білім сапасын бақылауда мультимедиалық-лингофондық құралдар мен компьютерлік бағдарламаларды, интернетті окушылар арасында сауатты колдану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану саласы бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберлігін қалыптастыру;
 оқушылардың оқу процесі кезінде ауыл шаруашылық жұмысына тартуға, «Білім туралы» Заң талаптарының бұзылуына, оқушы еңбегін пайдалануға жол бермеу;
 оқушыларды сабаққа жүйелі қатыстыру, олардың ұзақ мерзім мектепке келмеу, оқуға тартылмай қалу фактілерін болдырмау.

Категория: Информация

 

Физика слайд

Автор: admin от 16-02-2017, 00:14, посмотрело: 25716

32

 
 

 
 


Категория: Ашық сабақтар

 

Cлайд

Автор: admin от 16-02-2017, 00:01, посмотрело: 7354

19

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мамандық таңдау

Автор: admin от 14-02-2017, 11:35, посмотрело: 8084

41

Категория: Оқушыларға

 
Назад Вперед