» Материалы за 08.06.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Нұрлы ғасыр

Автор: admin от 8-06-2018, 21:56, посмотрело: 8325

49 Қазақ мектебінде оқып жүр талай тәжік баласы
«№ 114 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы «Жылы су» ауылдық округіне қарасты Әл-Фараби ауылында орналасқан, 1986 жылы салынған, сыйымдылығы 238 орынға арналған. Мектеп 2 ғимараттан тұрады, ыңғайластырылған, яғни мақта теріміне келетін көмекшілерге жатақхана ретінде салынған. Мен № 114 жалпы орта мектебіне жұмысқа келгенде мектептің материалдық-техникалық базасы өте нашар еді. Мектеп мұғалімдерінің орташа жүктемесі 14 сағат еді. Жоғары санатты мұғалімдер жоқ, І санатты 1 мұғалім болды. Мұғалімдердің біліктілігі төмен, оқушылардың білім сапасы өте нашар болды. Мектептің аудандағы ең нашар мектептер қатарында болуына мектеп оқушыларының ұлттық құрамыда әсер етті. Себебі оқушылардың 80 пайызға жұығы тәжік ұлтынан – мектепте сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Ал тәжік тілі түркі тілдеріне жатпайтындықтан, яғни парсы тілдеріне жататындықтан оқушыларды қазақ тілінде оқытудың өз қиыншылықтары бар.
2012 жылы мектеп 25 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, мектептің шатыры, есік-терезелері ауыстырылды, жылу жүйесі іске қосылды. Мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің орташа жүктемесі 19 сағатқа жуықтады. Мектепте 1 жоғары санатты, 11 І санатты мұғалім бар және 17 мұғалім жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш беріп отыр.
Мектеп мұғалімдерінен бастауыш сынып мұғалімі Ұ.Мыржыбаева облыстық байқаудан жүлделі ІІ орынды иеленсе, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Турсунов облыстық байқауда номинация иегері болы. Мұғалімдерден Ж.Налибаева, Ұ.Мыржыбаева, Ж.Қанаев, Д.Налибаевалардың жұмыстары республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жинақ кітаптарға енді. Аудан мұғалімдерінің секциялық жұмыстарында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Ажибековтың, география пәні мұғалімі О.Ильясованың, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Серікбековалардың тәжірибелері таратылды. 2016-2017 оқу жылында Қазақстанның интернет олимпиадаларына қатысқан мұғалімдерден Р.Нұртазаева, А.Келдібаева, Р.Гайбуллаев, А.Серікбаева, З.Спабекова, Ж.Налибаева, О.Садыбаева, А.Каримовалар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. 2014 жылы Ресейдің Смоленск қаласында сырттай ұйымдастырылған халықаралық қашықтық олимпиадасында мектептің 28 оқушысы жүлдегер атанды. Мектеп оқушылары 2015 жылдан бері облыстық «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, жылда жүлделі орындарды иеленіп, арнайы медалдармен, дипломдармен марапатталып келеді.
2013 жылы Б.Орынбасар негізгі мектепті үздік бітіріп, арнаулы оқу орнында бюджет есебінен оқыды. Кәзіргі таңда жоғары Әскери оқу орындарының бірінде мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Мектептің түлегі Ұ.Кәрім «Серпін» бағдарламасының аясында Көкшетау қаласындағы университеттте білім алуда. Тағы бір түлек З.Мұратова медициналық колледжде оқып жүріп, колледж түлектері арасындағы аудандық байқауда І орынды, облыстық байқауда І орынды, республикалық байқауда ІY орынды иеленді. Бүгінгі таңда мектептің байырғы ұстаздарының бірі Ю.Султанов облыстық «Панж» тәжік этно-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Ол аудандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ю.Султанов Алтынсарин атындағы медалдың иегері. Мектептің қосымша білім беру педагогы О.Ильясова 2016 жылы «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінгі таңда 2 мұғалім І деңгей бойынша, 1 мұғалім ІІ деңгей бойынша, 3 мұғалім ІІІ деңгей бойынша курстардан өтті. 28 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан өтті. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі байқаулар мен олипиадаларға, конкурстарға қатысып келеді. Мектеп қызметкерлерінен құралған футбол командасы жылда жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. 2017 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына байланысты өткізілген аудандық турнирде ІІІ орынды, Жеңіс күніне орай өткізілген аудандық турнирде І орынды жеңіп алды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары Қазақстанның интернет олимпиадасына биылда жақсы қатысып келеді. Кәзіргі таңда мектеп 125 мектептің арасында 16 орында келеді. Осы орайда шалғай ауылда интернет желісінің де толыққанды жұмыс істемейтінін ескеру керек сияқты.
Әрине нәтижелерді әлдеқайда жақсартуға болады. Бірақ ауылды жерде интернет желісінің қалыпты жұмыс істемеуі, компьютерлердің ескіргендігі мен жетіспеушілігі, мектептің ыңғайластырылған ғимаратта орналасуы, мәжіліс залы мен спортзалдың, асхананың болмауы, оқушылардың басым бөлігінің өзге ұлт өкілдерінен болуы – мектеп жұмысын алға жылжытудағы кедергілер. Мектепте бос сыныптардың болмауы өз кезегінде үйірме жұмыстарының, қосымша сабақтардың жүргізулеріне кедергілер келтіруде. Мектеп әкімшілігі мектептегі ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Өзге ұлт өкілдерін, оның ішінде басқа тілдер тобына кіретін тіл өкілдерін оқыту оңай шаруа емес деп есептейді. Осы орайда бірнеше рет ауданның білім бөлімі басшыларынан, облыстық білім департаменті қызметкерлерінен осындай, яғни өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқытатын мектептерді анықтап, облыс, республика көлемінде семинарлар ұйымдастыру қажеттігін, тәжіребе алмасу керектігін айтып келемін. Мен осы газет арқылы да өзіміздегідей өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқытатын мектептер бар болса хабарласуларын сұраймын.
Мектепте О.Ильясова, Ю.Султанов, К.Турсунов, С.Абенова, Е.Ажибеков, Р.Нұртазаева, Ұ.Мыржыбаева, Г.Тлеуова, А.Зұлпыхаров, Д.Қантаева сияқты тәжірибелі мұғалімдермен бір қатарда З.Спабекова, А.Каримова, О.Садыбаева, А.Келдібаева, Ж.Жүсіпбекова, П.Шұлғаубаева, А.Серікбаева, Д.Налибаева, Ұ.Турсунова, Ж.Налибаева сияқты жастардың жетістіктері де қуантады.
Мектепте тәрбие ісінің жақсаруына, материалдық-техникалық базаның нығаюына мектеп директорының орынбасарлары А.Байжанов пен Д.Турсуновтар сүбелі үлес қосып келеді. Мектептің айналасын көгалдандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Мектепің биылғы жетістіктеріде ауыз толтырып айтарлықтай. 8 сынып оқушысы Е. Жамаш республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысып, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасындас өткен «ALTYN QYRAN» - ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасында мектептің 4 оқушысы жүлделі ІІІ орынды иеленіп арнайы дипломдармен марапатталды. Олар 11 сыныптан М.Турсунова, 8 сыныптан М.Артық, 10 сыныптан Ұ.Дадаева және 6 сыныптан М.Дадаева. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасындас өткен «AЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасында 4 оқушы жүлдегер атанды. Олар І орынды иеленген 4 сынып оқушылары А.Жорабай, О.Рахматулла, О.Байжанова және ІІІ орынды иеленген 2 сынып оқушысы Д.Дадаева. «AЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері А.Келдібаева мен А.Серікбаевалар облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. «Сырдария» университетінің ұйымдастыруымен университеттің 20 жылдық мерейтойына арнап өткізілген дәстүрлі мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасында «Жас тарихшы - 2018» бағыты бойынша мектебіміздің бітірушісі О.Кәрім ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Мектеп қызметкерлерінен құралған кіші футбол командасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданның мектеп оқытушылары арасында өткен спартакиадада ІІІ орынды, Қазақстан Республикасы Тәүелсіздігінің 26 жылдығына орай өткен турнирде ІІІ орынды, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай өткен турнирде ІІІ орынды иеленді және дипломдармен марапатталды. Аудандық мектеп оқытушылары арасында өткен спартакида қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Е.Дадаев арнайы дипломмен марапатталды. Мектептің 56 оқушысы Республикалық интернет олимпиадалардың І дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 6 мұғалім Республикалық интернет олимпиадаларда топ жарса, 1 мұғалім халықаралық интернет олимпиада жеңімпазы болды. Мұғалімдердің іс-тәжірибелері аудандық, облыстық басылымдарда, интернет ресурстарда жарияланды. Бастауыш сынып мұғалімі А.Серікбекованың іс-тәжірибесі «Бастауыш мектеп» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналында, технология пәнінің мұғалімі З.Спабекованың еңбегі «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журналында жарық көрді. Сонымен бірге 6 мұғалімнің әдістемелік мақалалары «Білім-Арна» республикалық педагогикалық журналдар қауымдастығының жинағында жарияланды.
Мектеп директоры ретінде менің алға қойған мақсаттарымның бірі ұжымдағы, оқушылар арасындағы, ата-аналар арасындағы ұлтаралық қатынастарды нығайту. Мектепте 35 қызметкер қазақ ұлтынан болса, 29 қызметкер тәжік ұлтынан, 1 қызметкер өзбек ұлтынан. Мектепте моральдық-психологиялық ахуал тұрақты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «20120 жылға қарай мектеп бітірушілер 100 пайыз қазақ тілін меңгеріп шығуы керек деген еді». Біздің ұжым осы мәселені шешкен ұжымдардың алғашқыларының бірі деп айтұға толық негіз бар .
Қазіргі таңда 200 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа мектеп жағдайында жаңаща талап, жаңа көзқарас, жаңа идеялар мен жұмыс атқарып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оларға сапалы заманауи білім беруді жаңа деңгейге көтеру ұжымның басты мақсаты болып қала бермек.

Ю.Давлатов
ОҚО, Мақтарал ауданындағы № 114 жалпы орта мектебінің директоры


Топтық жұмыс


Постерді қорғау


Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Серікбекова жаңаша сабақ өтуде

Мектеп директоры Ю.Давлатов сабақта

Марапаттау рәсімінен кейін Астана қаласы






Қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Жүсіпбеова сабақта АКТ қолдануда

Сабақ қызық болғанда





Бірін бірі бағалау



География пәні мұғалімі О.Садыбаева


Технология пәні мұғалімі Р.Нұртазаева

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Турсунов



Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Ботабаева


Тәрбие сағатында


Бастауыш сынып мұғалімі А.Серікбаева өз ісінің шебері

Категория: Мектеп