Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 19-11-2018, 14:44, посмотрело: 100208

260

Қош келіпсіздер!

"№114 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Әл-Фараби ауылы

 
  

 Мектеп тарихы - «№114 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

               Әл-Фараби ауылы (бұрынғы совхоз Лениннің 5-ші бөлімшесі) 1958 жылы іргетасы қаланған.1959 жылдың қыркүйегінен бастап бұл елді мекенде 3-жылдық бастауыш мектебі ашылған. 1986 жылы 8-жылдық мектеп болып қайта құрылды. 2001 жылы 11-жылдық орта білім беретін №114 орта мектебі болып құрылды. 1959 жылы Төлепбергенов Шермат директорлық қызметке тағайындалды. Төлепбергенов Шерматтың кезінде Байжанов Ибрагим бастауыш сынып қызметін, Ильясова Қамқа бастауыш сынып қызметін, Бегімбаев Төлебай қазақ тілі пәнінен сабақ беріп, 1961 жылы осы мектепте директорлық қызметін атқарды.

                Сонымен қатар Айсариев Алданыш математика пәнінен, Атақулаев Исмайл химия және биология пәнінен,  Базаров Махамбет матемаика пәні бойынша сабақ берді.  2009-2010 оқу жылында №114 жалпы орта мектептің директоры болып Шүкірбаев Қабылбек тағайындалды. Шүкірбаев Қабылбектің кезінде 2009-2010 оқу жылында 9-сынып оқушысы Нуриллаева Тойбибі қызыл куәлікке бітіріп шықты. 2009-2010 оқу жылында 4-9 сыныптар аралығында болған «МАБ» нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие болды. ҰБТ-ға 11-сыныптан 9 оқушы қатысып, орташа балы 88,56 болды.  100 және одан көп балл жинаған оқушылардың саны үшеу болды. Сердалиев Е 113 балл жинады.

                  2010-2011 оқу жылында №114 жалпы орта мектебінің директоры болып Давлатов Юсуп тағайындалды. Давлатов Юсуп директорлық қызметке тағайындалған соң №114 жалпы орта мектебі біршама жетістіктерге жетті. 2010-2011 оқу жылында «МАБ» нәтижелері жақсы көрсеткіштерге ие болды. №114 жалпы орта мектебінде үлгі тұтатын ұстаздар да бар. Атап айтатын болсақ биылғы жылы бастауыш сынып мұғалімі Мыржыбаева Ұлжалғас аудан бойынша өткізілген «Кемеңгер елбасы – ырысы елімнің» атты педагогикалық марафонға қатысып, мадақтама қағазына ие болды. Осы еңбегі облысқа жіберіліп, облыстан ІІІ дәрежелі дипломмен оралды.

                   Сонымен Султанов Жолдас қажырлы еңбегі үшін Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі А. Мырзахметовтың алғыс хатымен марапатталды. Тлеуова Гүлшаттың облыстық «Болашақ» газетіне «Тәкаппарлық пен кісілік» атты мақаласы шықты. 

3.  Мектеп мұғалімдері туралы мәлімет - №114 жалпы орта мектебінде 46 мұғалім қызмет атқарады. Осы мұғалімдердің ішінде мына мұғалімдер биік белестерден көрінді.2012 жылы 18 мамырда тарих пәнінің мұғалімі Налбаева Жанаттың «Білім берудің жаңа бағыттарын айқындау» атты тақырыбы Білім беру жүйесін модернизациялаудағы проблемалар мен шешімдер облыстық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары атты І том кітап баспасына шықты.              2013 жылы сызу пәнінің мұғалімі Турсунов Салим сызу пәні мұғалімдерінің арасынд өткізілген ауданды олимпиадасына  қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды.              2014 жылы 25 қарашада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанаев Жанаділ «Өз елін өрге көтерген елбасы» атты тақырыбы «» желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Білім беру жүйесін жаңғырту мен жаһандану үдерісі жағдайында мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция материалдары атты кітап баспасына шықты.

             2014 жылы 10 желтоқсанда химия пәнінің мұғалімі Налибаева Динара «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағы арқылы заманауй білім берудің тиімді әдістемелері атты баспаға шықты.

            2014 жылы Қазақстан тарихынан Налибаева Жанат мұғалімдер арасында өткен аудандық олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

            Дәл осындай үлгімен 2014 жылы география пәнінен Садыбаева Оралай мұғалімдер арасында өткен аудандық олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

             2015 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қанаев Жанаділдің «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары» атты тақырыбы    2015 өрлеу материалдар жинағына шықты. 4. Мектеп оқушылары туралы мәлімет -№114 жалпы орта мектебінде 306оқушы бар. Сол оқушылардың ішінен 2012 жылы 8 сынып оқушысы Бекия Сакен « Жас ұрпақты есірткі эсапанциясынан қорғау және денсаулық мәдениетін қалыптастыру» іс-шарасына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында өткізілген аудандық сурет байқауына қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Турсунов Салим. 2012 жылы 8 сынып оқушысы Бекия Сакен Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдық мерекесіне арналған «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты аудандық байқауына қатысып , жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Турсунов С. 

             2013 жылы оқушылар арасында өткен құқық негіздері пәні бойынша өңірлік олимпиадаға 10 – сынып оқушысы Гайбулла Ұлболсын қатысып, аудандық олимпиадаға өтті. Аудандық олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

             2013 жылы 9 сынып оқушысы Орынбасар Бақыт мектепті үздік куәлікпен бітірді.

             2014 жылы мектеп оқушылары арасында өткен аудандық «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты байқауының көрмесінде жүлделі І орынға 5 сынып оқушысы Журабай Сурочбек ие болды.

           Дәл осындай үлгімен   2014 жылы мектеп оқушылары арасында өткен аудандық «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты байқауының көрмесінде жүлделі І орынға 4 сынып оқушысы Журабай Малохат ие болды.

             2014-2015 оқу жылы Қазақстан тарихынан оқушылар арасында өткен өңірлік олимпиадаға 9 сынып оқушысы Зұлпыхар Айдана қатысып ауданға өтті. Аудандағы өткен оқушылар арасындағы олимпиадаға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Гайбуллаев Рузибой.

             2015 жылы шет тілінен халықаралық қашықтық олимпиадасына 11 сынып оқушыларынан Дадаева Дурдона, Бектұрсын Ерлан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі: Шұлғаубаева Пернекүл. 2015 жылы технология пәні бойынша халықаралық қашықтық олимпиадасына 5 сынып оқушысы Мәулен Сымбат, 6 сынып оқушысы Бастарбек Нұрғиса І дәрежелі орынға ие болды. Жетекшісі: Спабекова Зауре. 2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына  2 сынып оқушысы Ногаев Нурислам І орынға ие болды. Жетекшісі: Мыржыбаева Ұлжалғас. 2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына    3 сынып оқушылары Санакулов Атхамбек, Коканова Феруза, Кенжебаев Турсун, Дадаева Махфират, Байжанова Барфигул І орынға ие болды. Жетекшісі: Қантаева Данагүл. 2015 жылы биология пәнінен халықаралық қашықтық оимпиадасына 7 сынып оқушысы Түймебай Бекарыс, 9 сынып оқушысы Байжанова Наргиза І орынға ие болды. Жетекшісі: Абенова Сарқытгүл.2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 2 сынып оқушылары Турсунова Иди, Индемес Рамазан, Байжанова Зарбиби, Қалдыбай Елнур, Султанов Нурсултан Іорынға ие болды . Жетекшісі: Күлсабирова Динара. 2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 1Ә сынып оқушылары Джурабай Азил, Султанов Шодибай Іорынға ие болды. Жетекшісі: Серікбаева Аңсаған.

         2015 жылы бастауыш сыныбы халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 1А сынып оқушылары Рахматулла Ораз, бабаев Сухроп  Іорынға ие болды. Жетекшісі: Келдібаева Ақмарал.

         2015 жылы музыка пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып

   5 сынып оқушылары Орынбасар Шұға, Жамаш Ерхан, 1 сынып оқушыларынан Рахматулла Келдибай, Джурабай Мейрамбек Іорынға ие болды. Белтаева Сәуле.

         2015 жылы химия пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып 9 сынып оқушысы Зұлпыхар Айдана Іорынға ие болды.Налибаева Динара.

         2015 жылы алгебра пәнінен халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысын 11 сынып оқушысы Жарыс Айнур І орынға ие болды. Жетекшісі: Асылбекова Азина.

5. Жылдар бойы мектепті жақсы бітіріп, жетістіктерге қол жеткізген түлектер туралы қысқаша мәлімет - Осы мектепте оқып кеткен мектеп түлегі, қазіргі таңда Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында университетті бітіріп,  заңгер мамандығын алып шықты, қазіргі таңда  Ресей мемлекетінің Москва қаласында прокурор қызметін атқарады.

        Дадаев Мамур осы мектепің түлегі, ол да Өзбекстан Республикасы Гүлстан қаласындағы Пед институтты қызыл дипломмен бітіріп, қазіргі таңда сол институттың профессоры қызметін атқаруда.

            6. Мектептің соңғы 3 жылдағы қол жеткізген жетістіктері туралы қысқаша мәлімет - №114 жалпы орта мектебінде 7 бірлестік бар. №114 жалпы орта мектебінде ІІ санатты мұғалімдер саны – 30. І санатты мұғалімдер саны – 4. 2014 жылы мектепттің тәрбие жөніндегі орынбасары Байжанов Абдулла Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрмет»  қоғамдық қорының  «Білім беру ісінің үздігі» медалымен марапатталды.   2014 жылы мектеп директоры Давлатов Юсуп   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің  «Білім беру ісінің үздігі» медалымен марапатталды. 
             2014 жылы физика пәнінің мұғалімі Султанов Жолдас Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалымен марапатталды. 
 

             2014 жылы мектебімізде география пәнінің мұғалімі Ильясова Орын 3 айлық курстың   І деңгейлі бағдарламасын оқып сертификатын алды. 

             Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері арасынан бастауыш сынып мұғалімі Мыржыбаева Ұлжалғас, математика пәнінің мұғалімі Асылбекова Азина, ағылшын пәні мұғалімі Жусипова Ғалия 3 айлық курстың ІІІ деңгейлі бағдарламасын оқуда. Міне, мұның өзі бізге үлкен жетістік. Алдағы уақыттарда №114 жалпы орта мектебі үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

              

 

Изменил: admin

Категория: Мектеп

 

Нұрлы ғасыр

Автор: admin от 8-06-2018, 21:56, посмотрело: 8325

49 Қазақ мектебінде оқып жүр талай тәжік баласы
«№ 114 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы «Жылы су» ауылдық округіне қарасты Әл-Фараби ауылында орналасқан, 1986 жылы салынған, сыйымдылығы 238 орынға арналған. Мектеп 2 ғимараттан тұрады, ыңғайластырылған, яғни мақта теріміне келетін көмекшілерге жатақхана ретінде салынған. Мен № 114 жалпы орта мектебіне жұмысқа келгенде мектептің материалдық-техникалық базасы өте нашар еді. Мектеп мұғалімдерінің орташа жүктемесі 14 сағат еді. Жоғары санатты мұғалімдер жоқ, І санатты 1 мұғалім болды. Мұғалімдердің біліктілігі төмен, оқушылардың білім сапасы өте нашар болды. Мектептің аудандағы ең нашар мектептер қатарында болуына мектеп оқушыларының ұлттық құрамыда әсер етті. Себебі оқушылардың 80 пайызға жұығы тәжік ұлтынан – мектепте сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Ал тәжік тілі түркі тілдеріне жатпайтындықтан, яғни парсы тілдеріне жататындықтан оқушыларды қазақ тілінде оқытудың өз қиыншылықтары бар.
2012 жылы мектеп 25 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, мектептің шатыры, есік-терезелері ауыстырылды, жылу жүйесі іске қосылды. Мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің орташа жүктемесі 19 сағатқа жуықтады. Мектепте 1 жоғары санатты, 11 І санатты мұғалім бар және 17 мұғалім жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш беріп отыр.
Мектеп мұғалімдерінен бастауыш сынып мұғалімі Ұ.Мыржыбаева облыстық байқаудан жүлделі ІІ орынды иеленсе, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Турсунов облыстық байқауда номинация иегері болы. Мұғалімдерден Ж.Налибаева, Ұ.Мыржыбаева, Ж.Қанаев, Д.Налибаевалардың жұмыстары республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жинақ кітаптарға енді. Аудан мұғалімдерінің секциялық жұмыстарында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Е.Ажибековтың, география пәні мұғалімі О.Ильясованың, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Н.Серікбековалардың тәжірибелері таратылды. 2016-2017 оқу жылында Қазақстанның интернет олимпиадаларына қатысқан мұғалімдерден Р.Нұртазаева, А.Келдібаева, Р.Гайбуллаев, А.Серікбаева, З.Спабекова, Ж.Налибаева, О.Садыбаева, А.Каримовалар жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. 2014 жылы Ресейдің Смоленск қаласында сырттай ұйымдастырылған халықаралық қашықтық олимпиадасында мектептің 28 оқушысы жүлдегер атанды. Мектеп оқушылары 2015 жылдан бері облыстық «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, жылда жүлделі орындарды иеленіп, арнайы медалдармен, дипломдармен марапатталып келеді.
2013 жылы Б.Орынбасар негізгі мектепті үздік бітіріп, арнаулы оқу орнында бюджет есебінен оқыды. Кәзіргі таңда жоғары Әскери оқу орындарының бірінде мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Мектептің түлегі Ұ.Кәрім «Серпін» бағдарламасының аясында Көкшетау қаласындағы университеттте білім алуда. Тағы бір түлек З.Мұратова медициналық колледжде оқып жүріп, колледж түлектері арасындағы аудандық байқауда І орынды, облыстық байқауда І орынды, республикалық байқауда ІY орынды иеленді. Бүгінгі таңда мектептің байырғы ұстаздарының бірі Ю.Султанов облыстық «Панж» тәжік этно-мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Ол аудандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ю.Султанов Алтынсарин атындағы медалдың иегері. Мектептің қосымша білім беру педагогы О.Ильясова 2016 жылы «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінгі таңда 2 мұғалім І деңгей бойынша, 1 мұғалім ІІ деңгей бойынша, 3 мұғалім ІІІ деңгей бойынша курстардан өтті. 28 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан өтті. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Оқушылар мен мұғалімдер түрлі байқаулар мен олипиадаларға, конкурстарға қатысып келеді. Мектеп қызметкерлерінен құралған футбол командасы жылда жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. 2017 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуына байланысты өткізілген аудандық турнирде ІІІ орынды, Жеңіс күніне орай өткізілген аудандық турнирде І орынды жеңіп алды. Мектеп оқушылары мен ұстаздары Қазақстанның интернет олимпиадасына биылда жақсы қатысып келеді. Кәзіргі таңда мектеп 125 мектептің арасында 16 орында келеді. Осы орайда шалғай ауылда интернет желісінің де толыққанды жұмыс істемейтінін ескеру керек сияқты.
Әрине нәтижелерді әлдеқайда жақсартуға болады. Бірақ ауылды жерде интернет желісінің қалыпты жұмыс істемеуі, компьютерлердің ескіргендігі мен жетіспеушілігі, мектептің ыңғайластырылған ғимаратта орналасуы, мәжіліс залы мен спортзалдың, асхананың болмауы, оқушылардың басым бөлігінің өзге ұлт өкілдерінен болуы – мектеп жұмысын алға жылжытудағы кедергілер. Мектепте бос сыныптардың болмауы өз кезегінде үйірме жұмыстарының, қосымша сабақтардың жүргізулеріне кедергілер келтіруде. Мектеп әкімшілігі мектептегі ұстаздардың еңбегін жоғары бағалайды. Өзге ұлт өкілдерін, оның ішінде басқа тілдер тобына кіретін тіл өкілдерін оқыту оңай шаруа емес деп есептейді. Осы орайда бірнеше рет ауданның білім бөлімі басшыларынан, облыстық білім департаменті қызметкерлерінен осындай, яғни өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқытатын мектептерді анықтап, облыс, республика көлемінде семинарлар ұйымдастыру қажеттігін, тәжіребе алмасу керектігін айтып келемін. Мен осы газет арқылы да өзіміздегідей өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде оқытатын мектептер бар болса хабарласуларын сұраймын.
Мектепте О.Ильясова, Ю.Султанов, К.Турсунов, С.Абенова, Е.Ажибеков, Р.Нұртазаева, Ұ.Мыржыбаева, Г.Тлеуова, А.Зұлпыхаров, Д.Қантаева сияқты тәжірибелі мұғалімдермен бір қатарда З.Спабекова, А.Каримова, О.Садыбаева, А.Келдібаева, Ж.Жүсіпбекова, П.Шұлғаубаева, А.Серікбаева, Д.Налибаева, Ұ.Турсунова, Ж.Налибаева сияқты жастардың жетістіктері де қуантады.
Мектепте тәрбие ісінің жақсаруына, материалдық-техникалық базаның нығаюына мектеп директорының орынбасарлары А.Байжанов пен Д.Турсуновтар сүбелі үлес қосып келеді. Мектептің айналасын көгалдандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Мектепің биылғы жетістіктеріде ауыз толтырып айтарлықтай. 8 сынып оқушысы Е. Жамаш республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысып, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасындас өткен «ALTYN QYRAN» - ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасында мектептің 4 оқушысы жүлделі ІІІ орынды иеленіп арнайы дипломдармен марапатталды. Олар 11 сыныптан М.Турсунова, 8 сыныптан М.Артық, 10 сыныптан Ұ.Дадаева және 6 сыныптан М.Дадаева. Оңтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасындас өткен «AЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасында 4 оқушы жүлдегер атанды. Олар І орынды иеленген 4 сынып оқушылары А.Жорабай, О.Рахматулла, О.Байжанова және ІІІ орынды иеленген 2 сынып оқушысы Д.Дадаева. «AЛТЫН ҰРПАҚ» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері А.Келдібаева мен А.Серікбаевалар облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. «Сырдария» университетінің ұйымдастыруымен университеттің 20 жылдық мерейтойына арнап өткізілген дәстүрлі мектеп бітірушілердің аймақтық пәнаралық олимпиадасында «Жас тарихшы - 2018» бағыты бойынша мектебіміздің бітірушісі О.Кәрім ІІІ орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Мектеп қызметкерлерінен құралған кіші футбол командасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданның мектеп оқытушылары арасында өткен спартакиадада ІІІ орынды, Қазақстан Республикасы Тәүелсіздігінің 26 жылдығына орай өткен турнирде ІІІ орынды, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай өткен турнирде ІІІ орынды иеленді және дипломдармен марапатталды. Аудандық мектеп оқытушылары арасында өткен спартакида қорытындысы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Е.Дадаев арнайы дипломмен марапатталды. Мектептің 56 оқушысы Республикалық интернет олимпиадалардың І дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 6 мұғалім Республикалық интернет олимпиадаларда топ жарса, 1 мұғалім халықаралық интернет олимпиада жеңімпазы болды. Мұғалімдердің іс-тәжірибелері аудандық, облыстық басылымдарда, интернет ресурстарда жарияланды. Бастауыш сынып мұғалімі А.Серікбекованың іс-тәжірибесі «Бастауыш мектеп» республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналында, технология пәнінің мұғалімі З.Спабекованың еңбегі «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журналында жарық көрді. Сонымен бірге 6 мұғалімнің әдістемелік мақалалары «Білім-Арна» республикалық педагогикалық журналдар қауымдастығының жинағында жарияланды.
Мектеп директоры ретінде менің алға қойған мақсаттарымның бірі ұжымдағы, оқушылар арасындағы, ата-аналар арасындағы ұлтаралық қатынастарды нығайту. Мектепте 35 қызметкер қазақ ұлтынан болса, 29 қызметкер тәжік ұлтынан, 1 қызметкер өзбек ұлтынан. Мектепте моральдық-психологиялық ахуал тұрақты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «20120 жылға қарай мектеп бітірушілер 100 пайыз қазақ тілін меңгеріп шығуы керек деген еді». Біздің ұжым осы мәселені шешкен ұжымдардың алғашқыларының бірі деп айтұға толық негіз бар .
Қазіргі таңда 200 орындық жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа мектеп жағдайында жаңаща талап, жаңа көзқарас, жаңа идеялар мен жұмыс атқарып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оларға сапалы заманауи білім беруді жаңа деңгейге көтеру ұжымның басты мақсаты болып қала бермек.

Ю.Давлатов
ОҚО, Мақтарал ауданындағы № 114 жалпы орта мектебінің директоры


Топтық жұмыс


Постерді қорғау


Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Н.Серікбекова жаңаша сабақ өтуде

Мектеп директоры Ю.Давлатов сабақта

Марапаттау рәсімінен кейін Астана қаласы






Қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Жүсіпбеова сабақта АКТ қолдануда

Сабақ қызық болғанда





Бірін бірі бағалау



География пәні мұғалімі О.Садыбаева


Технология пәні мұғалімі Р.Нұртазаева

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С.Турсунов



Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Ботабаева


Тәрбие сағатында


Бастауыш сынып мұғалімі А.Серікбаева өз ісінің шебері

Категория: Мектеп