» » Векторлық бейнелерді құру

 
 
 

Векторлық бейнелерді құру

Автор: admin от 1-06-2018, 12:20, посмотрело: 8446

459 Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1 Мектеп: №114 жалпы орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Зулпыхаров А.
Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Векторлық бейнелерді құру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.2.2- векторлық кескіндерді құру және өңдеу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Векторлық бейнелерді құру ұғымын біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Растрлық кескін және векторлық кескіндері түрлерін біледі.
Кейбір оқушылар:
Векторлық кескіндерді құруды және өңдеуді қолданудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыра алады.
Бағалау критерийі - векторлық кескіндерді құруды меңгереді.
- inkscape графикалық редакторымен жұмыс жасауды біледі.
- құрал-саймандар тақтасы және түстер палитрасымен жұмыс жасай алады.
Тілдік мақсаттар
Лекция және терминология:
Векторлық кескін - Векторное изображение -Vektor image.
Тіктөртбұрыш, шеңбер, жұлдызша, эллипс, контур, мәтін, таңдау құралдары.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
- басқару құрал-саймандар тақтасындағы ……. қызметін пайдаланамыз.
- Inkscape программасындағы нысандардың түстерін өзгерту ұшін ........ қолданылады.
Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясының негіздемесіндегі зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығына тәрбиелейді.
- Денсаулық, достық және айналамыздарға қамқорлық жасау;
- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс Геометрия, орыс тілі, ағылшын тілі
Алдыңғы білім
Ақпаратты екілік кодтау арқылы ұсыну.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы




5 минут





7 минут

Ұйымдастыру.
1) Оқушылармен сәлемдесу.
2) Сыныпқа ынтымақтастық атмосфераны орнату.
3) Оқушылардыы «Шаттық шеңбер» бойымен тұрғызып «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Топтастыру. «Мозайка» әдісі сурет қиындылары арқылы сыныпты 3 топқа біріктіру.
1-топ «Көпбұрыш»
2-топ «Шеңбер»
3-топ «Тіктөртбұрыш»
Оқушылардың өткен тақырыпты «Ой қозғау» әдісі арқылы пысықтаймын.
1.Екілік кодтау дегеніміз не?
2.Ақпаратты бір тілден басқа тілге аудару, басқа әдіспен ұсыну ережесін айту.
3.Екілік кодта қандай символдар қолданылады?
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа кіру.
Векторлық кескіндері құру және өңдеуді қандай әрекет орындалады?











Сабақтың ортасы
10 минут














10 минут













4 минут





































2 минут Жаңа тақырып: Векторлық бейнелерді құру.
Мақсаты: Inkscape бағдарламасы арқылы түрлі кескіндерді салып, түрлі түске бояу, өзгерту. «Суреттерге саяхат» әдісі арқылы тапсырма беремін.
3 топқа таппсырмалар беремін.
1-топ: «Менің сүйікті жануарым»
2-топ: «Менің сүйікті кемем»
3-топ: «Менің сүйікті ауылым»
Дескриптор:

- білім алушы: - стандартты сурет салу құрал-саймандарын қолданылады;
- -көшіру, қию, қою амалын пайдаланып, векторлық кескінді өңдеу.
- қалыптатырушы бағалау: топтық өзара бағалау жасайды.


1 тапсырма: Практикалық жұмыс:
Компьютермен жұмыс. «Үй» кескінін салу.
1. Inkscape бағдарламасын іске қосыңдар.
2. Тіктөртбұрыш суретін салыңдар.
3. Құрал-саймандар тақтасынан Қалам құралын пайдаланып үй контурын кескінін салыңдар.
4. Екі нысанды белгілеп алып, Контур – Бөлу (Деление) командасын орындаңдар. Тіктөртбұрыш бірнеше бөлікке бөлінгендіктен , оларды топтап (Ctrl+G, Нысан (Объект) мәзір жолынан сәйкес батырманы басып, оларды 90 градусқа бұрыңдар.

2. Тапсырма. Inkscape қосымшасында 3 маңызды тақтаның атауы, атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері бойынша тақтадағы берілген кестенің бос орындарын толтырыңдар.









3. Inkscape қосымшасындағы жиі қолданылатын құралдардың атауы немесе атқаратын қызметі берілген. Кестенің бос орындарын толтырыңдар.











Дескриптор:
- қалам құралымен үй контурын сызады;
-құралдар атауын, атқаратын қызметіне түсініктеме береді;
-кестенің бос орындарын толтырады.
Қалыптастырушы бағалау: Бағалау парақшалары.
Сергіту сәті. Көзге жаттығу жасау. Inkscape бағдарламасы

























Компьютер, интерактивті тақта, слайд








Сабақтың соңы
2 минут
Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі
«Бағдаршам» әдісі: үш түрлі стикерге оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін жазады.

Үйге тапсырма: Inkscape қосымшасында құрал-саймандар тақтасынан түрлі кескіндермен суретін құру және түсін өңдеп келу.


Стикерлер











Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға орындаушы-ның әрекетін анықтау үшін жеңілінен күрделісіне қарай тапсырмалар мен практика-лық жұмыс орындатамын.
Қабілеті жоғары оқушылар: сұрақтар оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады. Топтық жұмысты ұйымдастыру жұмысын қолға алады. Қабілеті орта оқушылар: орта деңгейдегі оқушыларға үлестірме тапсырмалары ұсынылады. Қабілеті төмен оқушылар: оқушыларға қажет жағдайда үлгеруші оқушыны көмек көрсету ұсынылады.


«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды.













Техникалық ережелерін сақтауды үнемі ескерту, жаттығулар жасау.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:



2:




Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:




2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Категория: Ашық сабақтар

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед