Сабақ тақырыбы:Термодинамика негiздерi тарауына қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Бiлiмдiлiк : Оқушылардың жеке қабiлетiн зерттеу, оның табиғи және жақты дамуын бағдарлап отыру.
Дамутышылық: Физикалық формалар құрастыру , есептер шығару қабiлетiн арттыру , логикалық ойлау, есте сақтау қабiлетiн дамыту.
Тәрбиелiк: Оқушыларға келешекте өздерiнiң таңдаған мамандық алуға бағыт-бағдар беру, iзденiмпаздылыққа, ептiлiкке тәрбиелеу.
Сабақтың әдiсi: Сұрақ-жауап,есептер шығарту.
Сабақтың көрнекiлiгi: Сызба-суреттер, сұрақтар
салынған қоржын, карточкалар т.б.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлiмi.
2.Оқушыларды түгелдеу.
3.Сайыс кезеңiн өткiземiн.Оқушыларды
" Тапқырлар” және " Ептiлер " болып
екi топқа бөлiнедi.
Сайыстың 1-шарты бойынша топтар өздерi дайындаған өлең жолдарымен өздерiн таныстырыды .
Сайыстың 2-шарты сұрақтарға жауап берiу.
"Тапқырлар " тобына:
1.Идеал газдың iшкi энергиясы.
2.Жылу мөлшерi және жылу сыйымдылығы.
3.Меншiктi балқу жылуы.
4.Термодинамиканың I-шi заңы қалай тұжырымдалады?
5.Меншiктi булану жылуы.
" Ептiлер " тобына:
1.Изхоралық , изобаралық , адиабаталық процестер туралы не бiлесiң?
2.Термодинамиканың II-заңын тұжырымдаңдар?
3.Қайтымсыз процестерге мысалдар келтiрiңдер?
4.Жылу двигательдерiнiң маңызы.
5.Жұмысты есептеу.
Сайыстың 3-шарты " Кiм шапшаң " Есептер шығару.
"Тапқырлар " тобына:
Қысым P=100 кПа болған кезде аэростатты толтырып тұрған көлемi V=60м гелийдiң iшкi энергиясы U қандай?
А)9мДж, Б)8мДж, В)10мДж, С)7мДж, Д)6мДж.
"Ептiлер” тобына
V=2л көлемдi алып тұрған бiр атомды газдың iшкi энергиясы U=300 Дж болса , қысымы қандай?
A) P=3U/2U , Б) P=2U/3U , В) P=4U/2U, С) P=3U/4U, В) P=5U/6U.
Сайыстың 4-шарты ортаға екi топтан бiр-бiр оқушы шығады.
Оларға тақтада орны ауыстырылып берiлген формулаларды шарты берiледi. Сайыстың 5-шартында 2-топ бiр-бiрiнiң дайындаған сұрақтарына жауап бередi.
" Тапқырлар” тобына
1.Табғаттағы құбылыстардың қайтымсыздығына
мысалдар келiру.
2.Жылу двигательдерiн елiмiздiң қандай салаларында
пайдаланамыз?
3.Жылу двигательдерiн қолданғандағы әсерлерiмен
негiзгi бағыттары қандай?
" Ептiлер " тобына:
1.Қандай жағдайларда жылу мөлшерi терiс болады?
2.Дененiң iшкi энергиясы қандай физикалық шамаларға
тәуелдi?
3.Сығылғанда газ нелiктен қызады?
Осы 5-шарт бойынша екi топтың арасындағы шапшан-
дықпен , әрi уақыт тауып , ептiлiкпен рейтингi тәсiлi
бойынша қазылар алқасы қорытынды бағасын
шығарып , тиесiлi орындар бердi. 1-шi орын " Тапқырлар”
тобына берiлдi .Оқушыларға тиесiлi бағаларын қойдым .
Қорытынды.Сабақ соңында қайталау сабағын сайыс түрiнде өткiзу оқушыларды пәнге қызықтырып, "Мен көп бiлсем екен " деген бiлiмдi болуға ынталандырады.